Экономика

Сарысуда жел электр стансасы салынуда

Written by Aray2005

Сарысуда жел электр стансасын салу туралы ұсыныстардың айтылып келе жатқанына біршама уақыт болған. Жақында көптің тілеуі қабыл болып, ауданда стансаның құрылыс жұмыстары басталып та кетті.

Түркістан ауылдық округінде орналасатын аталмыш станса 100 МВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр. Нысанның құрылысын жүргізу үшін жобаны ұсынушы – «Жаңатас жел электростансасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр қуатын бөлу сызбасын әзірлеп, «КЕГОК» компаниясының келісімін алған. Бас мердігер ретінде анықталған Қытай Халық Республикасының «China Power International Holding» компаниясы станса құрылысын келер жылдың ақпанында аяқтауды жоспарлап отыр.
Осылайша сарысулықтар жыл он екі ай тынымсыз соғатын «Аққырқа» мен «Арыстанды Қарабас» желін қажетке жаратып, ел игілігіне пайдаланбақ.

Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

ПІКІР