Сарысудағы сақтық шаралары

0 0
Бүгінгі таңда короновирус індетіне байланысты Сарысу ауданы көлемінде тіркелгендер барлығы-152, жазылып шыққаны-145, есепте тұрғаны – 7 науқас.
Бұл індетке байланысты ағымдағы жылдың 5-22 шілде күндері 13 жұмысшы топ 573 нысанды аралады.
Зерделеу барысында 24 кәсіпкерлік нысан иесіне ескертулер берілді. ​ 10 мыңға тарта жадынамалар таратылды.
​ Жаңатас қаласы мен Байқадам ауылдық округі аумағында дыбыс күшейткіш аппаратурасы арқылы тұрғындар хабардар болуда.
Карантин кезінде мемлекет тарапынан қолдаулар аз болған жоқ.​
Атап өтсек: коммуналдық көмекке арналған 15 мың теңге жәрдемақыны 2550 ​ азамат, ​ 42,500 теңге жәрдемақыны 2300 азамат алған.
Сонымен қатар, 11 дәріхананың жағдайы зерделеніп, ондағы дәрі-дәрмектердің бағасы бақылауға алынды.
Десек те дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде шешімін табар мәселелер бар.
Зерделеу нәтижесінде жетіспейтін дәрі-дәрмектердің тізбесі жасалып, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»акционерлік қоғамына сұраныс хаты жолданды.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен демеушілер есебінен Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылдық округінде көмекке мұқтаж 50 отбасыға тегін дәрі таратылды.
Есепті мерзім аралығында жалпы індеттің таралуына жол бермеу мақсатында осы уақытқа дейін аудандық «Сарысу» газетінде 220-ға жуық мақала, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі «фейсбук», «инстаграм», «твиттер» және т.б. ресми парақшаларында 2500-ден аса ақпараттық материал жарияланды.
Ауданда тойханалар, көңіл көтеру орындары жабық. Барлық кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде санитарлық қызметпен ескерту берілген. Жалпы бетпердесіз жүруге рұқсат жоқ.
Сондай-ақ, аудандық орталық ауруханасында 7 мобильдік топқа көмек көрсету үшін ​ 7 көлік берілді. ​
Тұрғындарға тиімді болу үшін Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылында орналасқан колледждерде медициналық кабинеттер ашылып, емдік және түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Үстіміздегі жылы «Біз біргеміз» акциясы аясында ауданда 724 ​ отбасына 10 млн. 808 мың теңге көлемінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
​ Сонымен қатар, 200 мың теңгеге 4300 азамат бетпердемен қамтамасыз етілді.​
Жайылма қайырымдылық қорының демеушілігімен жалпы 300 мың теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді.
(мукалтин , ​ дексаметазон, анальгин , амбробене, ​ аскорбиновая кислота)
Сарысу ауданында кешегі күннің өзінде күндізгі және түнде өткізілген рейдтер бойынша 44 кәсіпкерлік нысан тексерілді.​
Ауылдық жедел штаб мүшелері мен мониторингтік топ мүшелері коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жеке кәсіпкерлермен жұмысты жалғастыруда.
Сарысу ауданындағы 13 мобильдік топ қала және ауылдық округтердегі карантиндік шаралардың сақталуын зерделеді. Нәтижесінде карантиндік шектеулерді бұзу фактілері орын алған жоқ. Күні кеше қоғам белсенділерінен құралған топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті заңнамаға сай ескертулер жасады. Осындай рейдтер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.