"Кәсіпкерлік"

Сарысулық кәсіпкерлер бірлесе жұмыс істеуге ниетті

Written by Aray2005

Сарысу ауданының әкімдігінде облыс әкімінің жұмыс алгоритміне сәйкес жиын өтті. Басқосуға аудандағы «Еврохим» «Қазфосфат», «Асыл тұз», «Жаңатас ЖЭС, «Қазақсода», «Тараз көлік жолы», «Интеррин» секілді ірі кәсіпорындар, инвестициялық жобалардың басшылары және аудандағы шағын кәсіпкерлік басшылары қатысты.

Жиын ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлердің арасында тығыз қарым-қатынас,байланыс орната отырып, өзара жұмыс жасауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей ауданның кәсіпкерлік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Содан соң әр жоба басшысы атқарылған және алдағы жұмыстары бойынша баяндап таныстырып өтті. Қоғамдық кеңес, ардагерлер тарабынан өзекті мәселелер көтерліп,маңызды сұрақтар мен оңды ұсыныстар айтылды.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

ПІКІР