Сатирик Толымбек Әлімбекұлы оқырмандарымен онлайн кездесті

0 13

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында, «Ақ қайың» шипажайында сатирик, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Толымбек Әлімбекұлымен онлайн сұхбат өтті.
Онлайн сұхбатта Толымбек Әлімбекұлы бүгінгі сатираның жағдайына, сахнаға шығатын өнердің көркемдік құрылымына, «Қалай болса, солай», «Нетіп, неғылып», «Тойда жолығайық», «Тойда жолығайық 2», «Еркектер-ай», «Әйелдер-ай, қыздар-ай», «Ләм-мим», «Ым-жың» кітаптарының жарық көргенін, алдағы уақытта тағы бір кітапты дайындау үстінде екеніне тоқталды.
Сонымен бірге кейінгі кездегі сансыз театрлардың көбейіп кеткені жайлы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға көркемдік кеңесті құрып, театрларды іріктеп, таңдап алу туралы ұсыныс хат жазғанын айтты.
Бүгінгі сатирадағы өзін ұстаз санап жүрген шәкірттерінің әзілдеріне тоқталып, оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, бірнеше әзілін оқыды.
Арнайы кітапхана Толымбек Әлімбекұлына зор денсаулық тілеп, естелік сыйлық табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.