Қоғам

Сайлауда белсенді болайық!

Written by Aray2005

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен халыққа арнайы Үндеумен шығып, алдағы 9 маусым күні елде сайлау өтетінін мәлімдеді. Бұл басты саяси оқиғаға қазір әркім әрқалай пікір білдіріп, түрліше пайым жасап жатыр. Үндеуде Мемлекет басшысы бұл сайлаудың демократиялық принциптерге сүйене отырып ұйымдастырылатынына және әділ де ашық дауыс беру болатынына Президент ретінде кепіл болатынын жария етті.
Жалпы, Қазақстан демократиялық қиғидаларды ұстанған, әлемдік қауымдастықпен етене байланысқан зайырлы, экономикасы тұрақты, дамуға бет алған мемлекет екені белгілі. Сондықтан президенттердің ауысып, уақытынан бұрын сайлау өткізуден саяси фобияға берілмей, болашаққа нық сеніммен қарауымыз керек. Ел тағдыры сеніп тапсырылатын тұлғаны таңдайтын алдағы сайлауда барынша белсенді болып, азаматтық ұстанымымызды білдірейік. Өз басым Елбасы Н.Назарбаевтың ұзақ жылдарға түзілген стратегиялық бағдарламаларын ары қарай алып кететін лайықты басшы сайланғанын қалаймын.

Сұлтан ӘБІЛДАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың экономика саласы бойынша ғылым докторы

ПІКІР