Елден хабар

Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін — Қ.Тоқаев

Written by Aray2005

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде кезектен тыс сайлауға аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді.

«Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін.

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.

Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!

Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

ПІКІР