«Сергек» сергек болуға үйретеді

0 4

Бүгінде өңірде жол-көлік оқиғалары ең өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Осыған орай соңғы екі-үш жылдың бедерінде аймаққа «Сергек» бейнебақылау жүйесін енгізу бастамасы көтеріліп келген. Күні кеше облыс әкімі Бердібек Сапарба

– 2017-2019 жылдары облыста жол ережелерін бұзу фактілері көбейген. 2020-2021 жылдары заңбұзушылықтар төмендегенімен, алайда адам қазасы азаймай тұр. Сол себепті біз жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуіміз қажет. Бүгін «Сергек» жүйесін орталарыңызға салып, пікірлеріңізді тыңдағанды жөн деп таптым, – деді облыс әкімі.
«Сергек» бейнебақылау камерасы бүгінгі күнге дейін еліміздің 5 қаласына қойылған. Сондай-ақ бағдарламаға Киев пен Ташкент қалалары да қызығушылық танытып отыр екен.
– Біздің компания 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы таңға дейін қойылған 5 қалада «Сергек» бейнебақылау жүйесі өз тиімділігін дәлелдеді.
Жол апаттарынан адам шығыны бойынша біздің облыс елімізде алдыңғы үштікте тұр. Ал Тараз қаласында өткен жылы жол-көлік оқиғаларынан 24 адам көз жұмған. Нұр-Сұлтан қаласына «Сергек» бейнебақылау камерасы қойылғаннан кейін жол апаттарынан адам өлу фактілері бірден 50 пайызға қысқарды. Ал қазынаға салынған айыппұлдан 15 милилард теңге түсім түсті. Өскемен қаласында «Сергек» арқылы 161 қылмыс ашылды. Сондай-ақ аталған бақылау жүйесінің түрлі митингтерде де тигізетін пайдасы орасан.
Бақылау жүйесін орнатқаннан кейін біз 5 жыл қызмет көрсетеміз. Алғашқы инвестициясын да өзіміз саламыз. Ал қызмет іске қосылғаннан кейін төлемді айға немесе жылға бөліп төлеуге болады. Егер барлығы жоспарға сай жүретін болса, Жамбылда «Сергекті» келер жылдың наурыз айында іске қосу жоспарымызда бар, – деді «Көркем Телеков» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Руслан Асаубаев.
Бұл ретте облыс әкімі Бердібек Машбекұлы аймақта айыппұлдарды өндіру 62 пайызға ғана орындалып отырғанын мәселе етіп көтеріп, егер «Сергек» жүйесін орнатсақ, айыппұлдарды төлету қиынға соғып қалмай ма?» деген сауалын құқық қорғау органдарының өкілдеріне қойды. Олар барлық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізіп, биыл «Борышкеш» шарасы да қолға алынғанынан құлағдар етті.
Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова «Сергек» бейнебақылау жүйесін орнатпас бұрын мемлекеттік-жекеменшік серік­тес­тік бағдарламасы бойынша оң-солын толық зерделеп алу қажеттігін айтса, Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев «Сергек» бейнебақылау жүйесін ең бірінші шаһардағы аулаларға көптеп орнатуды ұсынды. Қала басшысы­ның айтуынша, бұл қылмыстарды ашу мен ұсақ әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алады екен.
Облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев «Сергек» бейнебақылау жүйесін өңірге әкелмес бұрын оның қаржылық жағын жан-жақты зерделеу қажеттігін көтерді. Оның сөзіне сүйенсек, қондырғыны орнату төлемін қайтару мен қосымша 100 планшет алу жағында түсінбеушіліктер бар екен. Мәселен облыстық полиция департаментіне бұған дейін де 100 планшет сатып алынып берілген екен, қосымша планшет алудың қажеттілігі бар ма?
Талқылау барысында облысқа барлығы 600 бейнебақылау камерасы мен 80 жол қондырғысын орнату қолдау тапты. Жобаның құны – 4,9 миллиард теңгені құрайды. Қаржыны қайтару уақыты 5 жыл. «Сергек» орнатылып болғаннан кейін барлық басқару жүйесі жергілікті биліктің теңгеріліміне берілмек.
– Біз барлық мәселені жан-жақты қарауымыз керек. «Сергекті» орнатқаннан кейінгі төлемді қайтару үшін айыппұлдарды өндіру жағын пысықтағанымыз жөн. Онсыз тірлік алға баспайды. Сондай-ақ құрылғы өз құнын ақтау үшін оны үлкен автожолдардың бойына орнатқан абзал. Сол үшін бұл бағытта арнайы жұмысшы тобын құрып, барлық ұсыныстар мен мәселелерді жіті зерделеуді тапсырамын, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Осылайша алдағы уақытта облыс жолдарында «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылмақ. Ал оның қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсете жатар.

Саян ТІЛЕУЖАН

ев аталған жүйеге қатысты тағы бір жиын өткізіп, барлық мәселені жан-жақты талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.