Қоғам

Серпіліс сыйлаған саяхат

«Жақсыны көрмек үшін» дейді дана қазақ. Әсіресе, облыс орталығы – Тараз қаласындағы оңды өзгерістерді, сән-салтанаты келіскен саябақтарды, еңселі ескерткіштерді, сазды субұрқақтарды тамашалауға кім-кімде асық. Осы орайда Сарысу ауданының əәкімі Балабек Нарбаев аймақтар арасынан бірінші болып бастама көтеріп, өңірдегі белсенді азаматтар мен қариялар үшін тарихи Тараз қаласына экскурсия ұйымдастыруға ұйытқы болды.

«Қариясы бар елдің қазынасы бар» деген ұстаныммен жүретін аудан басшысы бұл жолы да үлкенге құрметтің үлгісін көрсетті.
Облыс басшысы Асқар Мырзахметов­тің көз тойдыратын, көңіл сүйсінтетін жаңашылдығы аудан қарияларының да көңілінен шықты. Қазыналы қарттар іскер басшының игі бастамасына дән риза болды. Осылайша сарысулықтар қала келбетінің айтарлықтай өзгергеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.
– Жыр алыбы Жамбыл Жабаев ескерткішінің облыс әкімдігінің алдына ауыстырылуы орынды шешім. Теміржол аумағында жаңа демалыс орнының ашылып, ел игілігіне берілуі де толайым тарту екендігі сөзсіз. Ал, Төле би көшесіндегі Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ іші адам танымастай өзгеріпті. Саябақ қайта жаңғыртылып, оның аумағынан «Тәуелсіздік ұшқыны» алауы, тұрғындар бір мезгіл қымыз ішіп, бой жазатын «Ғибрат» орталығы, шахмат, спорт, балалар алаңшасы сияқты жаңа нысандардың бой көтеруі талайды таңдандырды. Сонымен қатар батыр Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің жаңартылуы, «Желтоқсан» аллеясында «Желтоқсан толқыны» деп аталатын субұрқақтың іске қосылуы көптеген жаңашылдықты айқындай түседі. Осындай оңды өзгерістерді көріп, қалайша марқаймайсың. Мұның бәрі де ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар екенін жан жүрегімізбен түсінуіміз керек. Байыпты бастамалардың лайықты жалғаса беретіндігіне сенімім мол, – дейді Байқадам ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев.
Аудан әкімі Балабек Нарбаев бір күндік сапардан керемет әсермен оралған сарысулықтарға мұндай шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
– Іргелі қалалар Елордаға қарап бой түзесе, біз облыс орталығынан үлгі аламыз. Ақиқатында мұндай жаңашылдық, ең бастысы ел ертеңі үшін жасалған рухани құндылық Жаңатас қаласының күніне орай тәжірибе алуға керемет ой салады. Ауданымызда атқарылып жатқан игі істер баршылық. Біз бұған тоқмейілсімеуіміз керек. Сондықтан да сарысулықтарды рухани жаңғыру аясында еліміздің ертеңі үшін ерінбей еңбек етуге шақырамын, – дейді Б.Нарбаев.

Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР