Шаруалар «сыбағадан» сыбағасыз қалмайды

0 0

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласын экономикамыздың драйверіне айналдыруға мүмкіндігі мол. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезінде кезекті бір Жолдауында айтып, Үкіметке нақты тапсырма берген-ді. Содан бері саланы дамытуға қыруар қаржы қарастырылып, бүгінде біраз жобалар жүзеге асып жатыр.

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл салаға 30,4 миллиард теңге бөлінген.
Бүгінгі күні бұл қаржының 17,8 миллиард теңгесі облыстағы 3 867 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне субсидия ретінде және 5,9 миллиард теңгесі қаржы институттары арқылы несие ретінде беріліп жатыр.
Енді аталған бағдарламаның ішіндегі салалық бағдарламаларға қысқаша тоқталсақ.
Егін шаруашылығы бойынша егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 1 миллиард 250 миллион теңге бөлініп, оған 25,5 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу жоспарланып, ауыл шаруашылығы алқаптарына ендіру арқылы егістік алқаптың 25,5 пайызын қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта 1574 ауыл шаруашылығы құрылымы тарапынан 21,9 мың тонна тыңайтқыш алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына себілген.
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 1,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Субсидиялау қазан-желтоқсан айларында жүргізіледі.
Мал шаруашылығы бойынша, 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында шетелден «Сыбаға» бағдарламасы арқылы мүйізді ірі-қара малының 36 мың бас аналығын сатып алу жоспарланған. Бағдарлама аясында биылғы жылдың басынан бері облысқа 1676 бас мүйізді ірі қара малы әкелінді.
Сондай-ақ ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 50 мың қой сатып алу жоспарланса, бүгінгі күні 36 тауар өндірушіге 20301 қой сатып алу үшін 871 миллион теңге несие берілді.
Жалпы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға биыл жергілікті бюджеттен 5,5 миллиард теңге, республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі күні бөлінген қаржының 5 миллиард теңгесіне өтінімдер қабылданды.
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы 6,5 миллиард теңгеге толығымен өтінімдер қабылданып, оның бүгінгі күнге 3,4 миллиард теңгесі 1 300 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидия ретінде берілді. Қалған 3,1 миллиард теңгенің өтінімдері мақұлданып, жоспар бойынша қыркүйек, қазан, қараша айларында 2 601 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге субсидия ретінде берілмек.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысымен салаға тартылған инвестиция көлемі 19,5 миллиард теңгені құрап, жоспар 106 пайызға орындалып отыр.

Жандос ЖАҚЫПОВ,
облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.