Қоғам

Шаруалардың еңбегіне ризашылығын білдірді

Written by Aray2005

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына өз мәлімдемесін жасады. Бұл мәлімдемені халық тағатсыздана күтіп отырған еді. Себебі, төтенше жағдайдың мерзімі аяқталуына аз ғана күн қалған болатын. Ал, мәлімдемеде қазіргі індеттің таралуын ескере отырып төтенше жағдай режімін 11 мамырға дейін ұзартты.

Мемлекет тарапынан халқымыздың амандығы мен денсаулығы үшін көптеген шаралар қолға алынды. Халықтың жағдайын ескеріп, мемлекеттік әлеуметтік көмектер көрсетілді. Бұл игі істердің барлығының куәсі болып отырмыз. Ондай шаралардың ішінде шаруа қожалықтар да ұмыт қалмады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасалды. Бізге үлкен сенім артты. Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде барлық азаматтарға төзімділік пен шыдамдылық, түсіністік танытып отырған жандарға алғысын білдірді.

Мәлімдемеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде. Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз. Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі. Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл – қомақты қаражат. Үкімет пен құзырлы органдардың міндеті – қаржының тиімді жұмсалуын және осы үдерістің барынша ашық болуын қамтамасыз ету. Қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды» деді.

Біз шыдамдылық пен төзімділікті ұстанған халықтың ұрпағымыз. Сол себепті де бүгінгі күні бойымыздағы асыл қасиетіміз сабырлық аса қажет болып отыр. Бұл күнде өтер. Індет жойылып, еліміздегі төтенше жағдай алынып, мамыражай өмірімізге оралатынымызға сенім мол. Ол үшін біз де өз тарапымыздан шыдамдылық танытып, әрекет етуіміз керек. Біз де мемлекет көмектесуіміз керек. Себебі, бұл істердің барлығы халықтың денсаулығы үшін жасалуда.

Керімқұл Бегалиев, Жуалы аудандық мәслихатының депутаты

«Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі,

ПІКІР