ШҚО-да тағы өрт шықты

0 5

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер дала өртімен күресіп жатыр.

Бұл туралы Semey News ақпараттық порталы мәлімдеді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күршім ауданындағы ашық алаңдағы шөптің өртенуі кеше 14:00 шамасында басталған. Өрт әп-сәтте 40 га алаңға шарпыды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.

«Өртпен күресуге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 13 адам, 2 бірліктегі техника және орман шаруашылығынан 11 адам, 3 бірліктегі техника, жергілікті атқарушы органнан 1 су тасығыш, 2 трактор және 25 тұрғын жұмылдырылды», деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.