Шоқтығы биік шығармалар Брайль қарпіне аударылды

0 45

Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға бағытталған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 15 жыл бойы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы жарияланып келеді. Бұл жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып, 30 шығарма оқырман назарына ұсынылды.
Республика бойынша барлық кітапханалар әдебиеттерді насихаттау жұмыстарына кірісіп, түрлі мәдени іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, оқу конференциясы, тұрақты кітап көрмелері мен библиографиялық шолулар өткізілуде.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да осы үрдістен қалыспай, акция аясында жарияланған кітаптарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын таңдалып алынған әдебиеттерді Брайль қарпіне аударып келеді.
Биылғы жылы Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын, жазушы, қазақтың аяулы қызы Сәуле Досжанованың «Қасірет пен тағдыр» романы мен Агата Кристидің «Ғайып болған миллион» (Ә.Ахметовтің аудармасы) кітаптарын Брайль қарпіне аударды.
Кітаптар Қазақ соқырлар қоғамына, республикалық зағип кітапханалар мен аудандық кітапханалардағы зағиптар бөліміне таратылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.