Шөлдалада әлеуметтік дүкен ашылды

0 37

Бұл осымен облыс орталығында ашылып отырған 16 әлеуметтік дүкен. Дүкеннің ашылуына аталған алқаптың тұрғындары көптеп жиналды. Сауда орынының ашылуын күткен олар негізінен тұрақтандыру қорының азық-түліктерін сатып алды. Ондағы халық бұл дүкеннің өздері үшін тиімді екенін айтады. Себебі халық тығыз орналасқан аумақта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар өте көп. Сондықтан сапасы жоғары, бағасы нарықтан 25-30 пайыз төмен тауарлар оларға өте тиімді. Тағы бір айта кетерлігі, жаңадан ашылған дүкеннің аумағы осыған дейін ашылған әлеуметтік дүкендерге қарағанда едәуір үлкен. Яғни, дүкен аумағы 250 шаршы метрді құрайды. Ол да бекерт емес. Өйткені ол аумақта бүгінгі күні 13 мың 400 адам тұрады. Сонымен қатар аталмыш аумаққа «Химик», «Береке», «Финансист», «Юбилейный», «Ветеран» секілді 14 саяжай қарайды. Саяжай тұрғындары да жаңадан ашылған әлеуметтік дүкенге баратындығы сөзсіз.
Жалпы қазіргі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Сондай-ақ отандық және тұрақтандыру қорындағы тауарларды тікелей арзандатылған саудасын жетілдіру арқылы ішкі нарықтағы үлесін арттыру, бесекелестік ортаны дамыту мақсатында Тараз қаласында 16 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.