"Топжарған"

Шығармашылық орталықтың жігіттері шын мықты!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің спорт кешенінде «Спорт – денсаулық кепілі!» ұранымен мәдениет саласы қызметкерлері арасында кіші футболдан облыс біріншілігі өтті. Жарысқа барлығы 8 команда қатысып, бақтарын сынады.

Доп додасының ашылу салтанатында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз алып, сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Салтанатты шарадан кейін алаңда аладоп бәсекесі қыза түсіп, жеңіске жету жолында командалар барын салды. Десе де, қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, теңбіл допта теңдессіз екендіктерін көрсеткен облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері бас жүлдені жеңіп алды. Тараз қалалық мәдениет үйінің командасы екінші орынды иеленсе, үздік үштікті облыстық қазақ драма театрының жігіттері түйіндеді. Ал, жарыстың ең үздік шабуылшысы ретінде облыстық xалық шығармашылығы орталығының әдіскері Саят Қойшыманов танылды. «Ең үздік ойыншы» номинациясын облыстық тариxи-өлкетану музейінің қызметкері Әзімбек Тілешов иеленді.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР