Шымшымалар

0 6

Өзгеріс

Момын еді, сүймейтін бұрын дауды,
Пырылдауды білетін, мырыңдауды.
Мысық пақыр төбетпен дос болғалы,
Шығарды көрінгенде ырылдауды.

 

Асырап жүр

«Браконьерлік тоқтасын,
Құртамын», дейді шетінен.
Ал отбасын асырайды,
Ақбөкеннің етімен.

 

«Решение» қабылдады

Қазақ тілін дамыту ед (і) ағымдары,
Қазақша жазатындар табылмады.
«Повысить авторитет языка» деп,
Шешім емес, «решение» қабылдады.

 

Қарымта

Тойға барып, ән салып, жырлап қайттым,
Той бастап, шапан киіп, жырғап қайттым.
Шашуы деп өз қалтамнан 500 беріп,
Коньягін бес жұлдызды ұрлап қайттым.

 

Шайхан ХАМЗАҰЛЫ,
Тараз қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.