Сіз соңғы рет кімге гүл сыйладыңыз?

0 0

Абзал Ширимбеков,

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі:

– Соңғы рет гүлді 5 қаңтар күні жұбайымның туған күнінен бір күн өткен соң сыйладым. Оның өзі есте қаларлықтай оқиға болды. Қызметіміз өте жауапты болғандықтан, отбасылық кештерге, туған күндеріндегі отырыстарда отбасымның қасында бірге бола бермейтін кездерім де бар. Ондай сәттерде тосын сый жасағанды дұрыс деп ойлаймын. Келіншегімнің туған күнінде жаңа жыл мерекесіне орай күшейтілген режимде (усиление) қызмет атқарып жүргенбіз. Жұмыстан кеш қайтатынымды біліп, үйге жеткізіп беретін гүлге тапсырыс бердім. Олар телефоннан үйдің мекенжайын дұрыс естімеген болуы керек, гүлді көршіме жолдасыңыз беріп жіберді деп апарып береді. Мен бармасам да гүлімді беріп жібердім деп мәзбін. Түнде жұмыстан үйге келіп, тосын сыйымды алдың ба десем, ештеңе алмадым дейді келіншегім. Тапсырыс алушыға қайта қоңырау шалсам, сіз жазған мына мекенжайға апарып бердім ғой деп көршінің үйін айтып тұр. Әбден күлдік. Келіншегім, өміріңде бір гүл сыйлайын деп едің ол да болмады деп әзілдеді. Ертесіне таңертең өзім гүл сататын дүкенге барып сүйіктімнің сүйікті гүл шоқтарын әкеліп бердім.

Leave A Reply

Your email address will not be published.