Соттылық туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Бүгінгі таңда «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған.
Электрондық анықтаманы көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы алуға болады: – www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы (mgov мобильді қосымшасы);
– www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында бір реттік SMS пароль сервисі арқылы;
– «EgovKzBot» Тelegram-бот арқылы.
Қызмет көрсетудің ең аз мерзімі – 10 минут, қосымша тексеру кезінде – 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызмет портал арқылы өзіне қатысты мәліметтер «Жеке кабинет» және (немесе) SMS-растау арқылы сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.
2021 жылдың өткен кезеңінде республика бойынша 2,8 млн-ға жуық электрондық анықтама берілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары болып табылады.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабы тәртібінде соттылықтың жойылғанын ескере отырып берілетінін назарыңызға саламыз.
ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы