Астанаға 20 жыл

Спорт – саламаттылық кепілі

Қордай ауылының «Батыс» тұрғын алқабы маңынан ашылған спорт кешенінің пайдалануға берілуі де қордайлықтар үшін үлкен жаңалық болып отыр. Өйткені, ауданда бұрын-соңды мұндай спорт нысаны болмаған. Сол себепті, 320 көрерменге арналған кешеннің ашылуына келген жұртшылықтың қуанышында шек болмады. Мұнда күрес, футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысумен қатар тренажер залында да спортшыларға мол мүмкіндік қарастырылған.

Нысанның ашылу салтанатында құрылыс жұмыстарын жүргізген «ПСК Алибек» ЖШС-ның директоры Бауыржан Елеусізов ғимараттың символикалық кілтін Қордай ауылдық округінің әкімі Бақыт Сахатовқа табыс етіп, осындағы белсенді спортшыларға сәттілік тіледі.

Мұнан соң алқызыл лента қиылып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды. Ғимаратты аралап көрген қонақтар ересектер арасында өткен футболдан жолдастық кездесуді де тамашалады.

«ARAI»-дың тілшілер тобы

ПІКІР