«Sputnik V» вакцинасына қатысты дау шықты

0 4

Қырғызстанда індетке қарсы ресейлік «Sputnik V» вакцинасына қатысты дау шығып, соңы қызу пікірге ұласты.

Сәуір айының 30-ы Бішкектегі №2 отбасылық медицина орталығындағы тоңазытқыш істен шығып, салдарынан 994 доза ресейлік вакцина бүлінген. Келтірілген шығын көлемі 840 мың сомды құрап отыр. Осыған байланысты №2 отбасылық медицина орталығы мен №1 Ленинск аудандық отбасылық біріккен медицина орталығының басшылары қызметінен босатылды. Бес қызметкерге сөгіс жарияланды.

Бүлінген вакцинаны есептен шығаруға тура келді. Қазір таңда қырғыз бас прокуратурасы бұл мәселені қолға алды. Іс жүзінде иммунопрофилактика орталығы мамандарының қатысуымен комиссия тексеру жүргізді. Мұздатқыш электр розеткасынан ажыратылғандығы анықталды, бірақ мұздатқыштың өзі жұмыс істеп тұр.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.