Студенттерге сапалы қызмет

0 0

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев, облыс әкімдігі білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Алтынай Жайлышева қатысты. Студенттерге мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтың лентасын аталған оқу орнының директоры Жанар Орынбаева мен Нұрлан Еркебаев қиды. Мұнан соң директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Қарлығаш Бекмолдаева орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Негізінен онда білім саласымен байланысты мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі.
Сондай-ақ шара барысында келген қонақтар аталған орталықта орналасқан «Open college» электронды терминалымен танысты.

Ш.Биділдәұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.