Қоғам

Сұлушаш Құрманбекова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Written by Aray2005

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі өкімімен Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы 1963 жылы туылған, білімі жоғары, 1985 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласындағы №10 орта кәсіби-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған.
№45 орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тараз қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

ПІКІР