Сұранысқа ие маман боламын десеңіз…

0 12

Бүгінгі таңда экономиканы электронды және ақпараттық жүйелерсіз елестету қиын. Цифрландыру, «ақылды» фабрикалар, зауыттар, интернет, виртуалды және толықтырылған жүйелі өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларына, соның ішінде дизайн мен fashion-индустрияға еніп келеді.

Қазіргі карантиндік жағдайға байланысты онлайн-ритейлде қажетті мамандықтар – веб-дизайнерлер, жеке стилист-кеңесшілер немесе шопперлер, эстетикалық тартымды келбетті жасау бойынша имиджмейкерлер, PR-агенттер. Олар экономикалық дағдарыс жағдайында да сұранысқа ие және жалақылары да бірқатар басқа саланың мамандарынан әлдеқайда жоғары төленеді. Сән нарығы сатылымы жоғары бірнеше секторлардың бірі болып қала береді. Сән әлеміндегі ең жоғары табыс коллекциялардың жекелеген желілерін немесе бағыттарын әзірлеуді басқаратын дизайн-директорлар, арт-директорлар, дизайнерлік компаниялардың PR директорлары, сондай-ақ коммуникация саласындағы мамандар, жобалау қызметкерлері, fashion-фотографтар, имиджмейкер-стилистерге, әсіресе сән саласындағы заттар мен коммуникацияларды, PR-ды әзірлеумен айналысатындарға тиесілі.
Интернет желілерінде сәннің ауысуымен «E-commerce director» сияқты сән әлемінде жаңа мамандықтар пайда болып отырады. Осылайша сәнде жұмыс істеу қызықты ғана емес, қоғамды дамыту жолында да тиімді әрі пайдалы.
Егер моданы өз кәсібіңіз деп санасаңыз, бірақ осы салада табысты іске асыру үшін біліміңіз жетпесе, онда бағыт ретінде 50 жылдық межеден өткен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің көне бөлімшелерінің бірі – технологиялық факультеттің «Технология, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын конструкциялау және дизайн» кафедрасында көшбасшылық позицияға ие, Қазақстандағы ең үздік, еңбегі сіңген дизайн және сән мектептерінің бірінің рейтингін пайдалануды ұсынамыз.
Бүгінгі таңда киім дизайнері – сән әлеміндегі ең беделді мамандық. Дизайнер коллекциялар жасайды, трендтерді қалыптастырады. Қазіргі кезеңдегі киім дизайнерінің басты мақсаты – бейнелі стильді киім жасау және кәсіпорындардың өнеркәсіптік коллекциясын мезгіл-мезгіл жаңартып отыруды қамтамасыз ету.
Дұрыс таңдау жасай отырып, сіз дизайн саласында элиталық білім алуға мүмкіндік аласыз, өзіңізді білім мен дағдылардың жүгімен ғана емес, сонымен қатар сән индустриясындағы одан әрі табысты мансаппен қамтамасыз ете аласыз. Тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен студенттер – Сән дизайны білім беру бағдарламасы бойынша «ТЖӨБК және дизайн» кафедрасында білім алады. Дизайнерлік ойлауды дамытады, әлеуметтік және мәдени шығармашылық көздерді пайдалану әдістемесін, материалдар, фактура, пішін, көлем және түспен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар стильдер тарихына экскурсия жасаумен бірге өнер тарихы, сән және дизайн тарихы саласындағы терең дайындық, қазіргі заманғы өнердің теориясы мен практикасын, сән индустриясын ұйымдастыруды, заманауи визуалды коммуникация принциптерін, сән саласындағы маркетинг негіздерін зерттейді. Кәсіби әдістер мен құралдардың кең жиынтығын игере келе, оқытудың алғашқы кезеңдерінен бастап студенттер өз топтамаларын жасайды. Оны республикалық және халықаралық маңызы бар түрлі көрсетілімдер мен сән байқауларында көрсете алады.
Бірнеше жылдан бері еңбек нарығында жарнама агенттіктерінің дизайнер кәсібінің өкілдеріне жоғары сұраныс байқалуда. Жарнама дизайнері Қазақстан еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие
10 мамандықтың қатарына кіреді. Ол түрлі жарнамалық тасығыштарда көрнекі баспа жарнамалық және электрондық өнімдерді әзірлеумен айналысатын көпфункционалды ресімдеуші мамандық.
Сонымен қатар оқыту – Интерьер дизайны білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл мамандық соңғы онжылдықтарда әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие бола бастады. Дәл осы интерьер дизайнері стандартты бөлмені иесінің даралығын, көңіл күйі мен талғамын көрсететін стильді және жайлы кеңістікке айналдыра алады. Сонымен қатар сән клубы, бутик, сұлулық салоны, мейрамхана немесе қонақүйдің ерекше атмосферасын жасауға ықпал етеді.
Осындай шығармашылық және сұранысқа ие мамандықтардың тағы бірі – еңбек нарығында, халыққа қызмет көрсету саласында барған сайын танымал болып келе жатқан киім индустриясы. Болашақ мамандар – технологтар, тігін өндірісінің конструкторлары мен модельерлері. Қазіргі заманғы киім индустриясы сән мен инновация факторының әсерінен жаңа киім жиынтығы тұжырымдамасын тез өзгерте отырып, тұтынушылық сұранысқа, мобильді өндіріске бағытталған. Сондықтан қазіргі жағдайда жас, талантты және креативті ойлайтын мамандар әрқашан сұранысқа ие. Олар болашақ кәсіби қызметінде ең батыл армандарын жүзеге асыра алады.
Болашақ талапкерлер оқуға түсу және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде бүгінгі күннің шындығы мен болашақтағы перспективаларды анықтап, дұрыс таңдау жасайды деп үміттенгіміз келеді!

C. БАЙЖАНОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «ЖӨБТК және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Leave A Reply

Your email address will not be published.