"Талаптың мініп тұлпарын..."

СЫР

 

Ардақ САПИБУЛЛА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті

Нәзік жандымыз өкпеге бейім,
Өлшеулі өмір өткенге дейін.
Балалығы басым ботаңды мынау –
Өкпелетпеші, өкпелемейін!

Ренжімеші, шалалау болса тірлігім,
Фәниден мынау көңілге өшпес кірді мұң…
Мұңайды ботаң, назданып тұр ғой үндемей,
Сен айтқандай ойлап елдің бірлігін!

Қайта тұрғыз, сүрініп кетсем, құлатпа.
Іштей тынып, үнемі алам жылап та,
Сенің айтқан сөзіңнен сонау аса алмай,
Жылап алам, жыламайыншы, жылатпа.

ПІКІР