Елден хабар

Сырға толы Сарыарқа…

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Х республикалық пән олимпиадасы өтуде.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген болашақ журналистерге халықтың ықыласы ерекше. Қонақжай өңірдің белсенді жастары қойған концерттік бағдарлама көңілімізді серпілтіп, жанымызды сергіте түсті. Дүбірлі додадан бөлек, қонақтарға қаланың көрікті жерлері ерекше әсер қалдырды. Небір тау тұлғаларды тәрбиелеп өсірген Сарыарқаның саңлақтары  ҚарМУ музейінің төрінен орын тепкен екен. Көне дәуірдің құнды жәдігерлері, қыш құмыралары мен балбал тастары да осында.

Ал, республикалық олимпиадаға бар ынтасымен келген 16 команданың барлығы да жеңістің биік тұғырынан көрінуден үмітті. Кіл жүйріктер топқа түскен жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері бүгін анықталмақ.

Аян ЕРМЕКҰЛЫ,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің студенті 

Қарағанды қаласы

ПІКІР