«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

0 35

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік жүрек жарды өткізді.
Жүрек жарды кешінің басты қонағы – батыр ана, құрсағын жарып шыққан 4 баласына серік етіп, отбасылық құндылықты насихаттап, жетім балалардың жанарындағы жасты сүртуді мақсат етіп, Сарымолдаев балалар үйінен бір отбасы бас тартып, тастап кеткен 5 бірдей бүлдіршінді бауырына басқан, бүгінде 9 баланың ардақты анасы Бақтаева Гүлсара мен балалары болды.
Іс-шара кітапхана қызметкерлерінің әсем әні мен алдын-ала дайындалған бейнебаянмен ашылды. Бақытты, аяулы ана Гүлсара балалардың бақытты сәттерінен естелік айтып, отбасылық жылудың маңызын, балаға бағыт беруде ата-ананың тәрбиесінің бәрінен артық екенін, мұндай ерлікке тең қадамға отағасының үлкен көмегі болғанын жеткізді.
Бүгінде бір үйдің балаларына айналған үлкен отбасының үлкен ұлы Дінмұхаммед «Бақыт геометриясы» өлеңін нақышына келтіріп, көрермендердің жүрегіне жеткізіп оқыса, кіші ұлдары Ерасыл мен Расул аналарына арнап «Анама» атты өлеңін, ортаншы қызы Шұғыла ұлттық би билеп, Диана қыз анасының мерекесіне орай тоқыған гүл шоқтарын сыйлады.
Батыр ана балаларды асырап алып қана қоймай, бағыт пен бағдар беріп отырады. Балалардың жүректеріне жақын салаға баулып, өмірдің бұралаң жолдарыңда қателеспей, биікке жетулерің шын жүректен қалайтынын айтып, жанарына жас алды.
Оқырмандар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріп, әр жанның жүрегінде мейірім мен жанашырлық болса қазақта жетім жыламас еді деген ақ тілеуін де жеткізді.
Мерекелік кеш кітапхана қызметкерлері Г.Қырғызбай мен Ж.Қаратаева және тұрақты зағип оқырмандардың әсем әнімен ұласты. Ұжым тарапынан батыр анаға сый құрмет жасалып, қонақатарға раушан гүл таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.