Түлектер кездесуінің тәрбиелік мәні жоғары

0 17

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде қала әкімі Ержан Жылқыбаев бастап, қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, еңбек ардагері Қайрат Шотбақов, білім бөлімінің басшысы Саясат Есеев пен мектеп басшылары және оқушылар тараздық түлектермен кездесті.
«Жомарт түлек – Тараз» деген атпен ұйымдастырылған келелі кездесудің негізгі мақсаты – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттаумен қатар өңір тумаларын сан саладағы әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту болып отыр. Кездесу аясында «Тараз түлектері» орталығы мен қалалық «Жамбыл –Тараз» газетінен «Тараз түлектері» айдары ашылыпты. Сондай-ақ «Белсенді түлек» тақырыбында бейнероликтер әзірленген. Жиында еліміздің, өңірдің 30 жылда жеткен жетістіктері де кеңінен насихатталды.Сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жас буынмен жүздесіп, өзінің кәсіптері жайында пікір алмасып, табысты болудың қыр сырымен бөлісті.
Осы ретте қала әкімі Ержан Жұматұлы игі шараның маңызына тоқталса, қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев пен еңбек ардагері Қайрат Шотбақов және өзге де танымал түлектер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қанатқақты жобаның жастарға үлгі боларлық тұсына басым екенін айтты.
Бұдан бөлек, жиынға мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова, Алматы қаласындағы президенттік іс-басқару орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев, Қазақстанның танымал комедия әртісі, режиссер, продюсер және сценарист Нұртас Адамбаевтар қашықтықтан, яғни олайн режимде қатысып, құттықау сөздерін жеткізді.
Жеке кәсіпкер Әлімбек Жұмабаев, бокстан олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вел Баркер Кубогының иегері (Афина-2004) Бақтияр Артаев, ақын Ғайни Әлімбекқызы, әнші Алишер Каримов, спортшы Бауыржан Исламхан, блогер Елдос Қадырханов, блогер Арман Жаналиев, Францияның Вильжуйф қаласы Густава Руси институтының докторанты Карина Матаева, №1 мектеп-гимназиясының түлегі, Прага экономикалық университетінің студенті Влада Калашниковалар түлектерді өзі білім алған мектебіне демеушілік етіп, өңірдің дамуына мейлінше қолдау көрсетуге шақырды.
Кездесу соңында белсенді түлектер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, тәрбиелік маңызы жоғары жиынды 500-ден аса оқушы онлайн тамашалағаны белгілі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.