Түймебаев қызметінен босатылды

0 27

Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылы 5 ақпанда «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі жоғары оқу орнының басқарма төрағасы – ректоры лауазымына үміткерлердің кандидатураларын қарап, 6 ақпанда Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.