"Заң және біз"

Түзеу мекемесіндегі акция

Written by Aray2005

Жуырда сотталғандар арасында тәрбие жұмысын күшейтуге байланысты ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің САТӘПЖ бөлімі сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсауға қарсы акция өткізді. Арт-терапияға негізделген шара аясында сурет салу, өлең шумақтарын жазу, тақпақтар құрастыру сынды жаттығулар берілді. Шараға барлық жасақтардан 15 сотталған азамат қатысты.

Сотталғандар арасындағы акция «Менің мақсатым», «Менің отбасым, жанұям», «Менің болашақ өмірім», «Менің арманым» тақырыптары бойынша тапсырмалар орындау арқылы өтті. Аталған бағыттар бойынша сурет салып, өлең шумақтарын жазған сотталғандар туындыларына тақырып қойып, алдын ала берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру шарасына да қатысты.
Акция барысында сотталғандарға түрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, арт-терапияға қосымша әңгіме-сұхбат өткізілді. Кейбір істі болған азаматтар отбасындағы адамдармен қарым-қатынасы жайлы сырларымен бөлісіп, әңгімелесу арқылы сағыныштарын жеткізді. Бұл ой бөлісу процесі олардың қоғамға бейімделуіне өз нәтижесін береді деп сенеміз.

Г. Ибраимова,
облыс бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесі
САТӘПЖ бөлімінің аға инспектор психологы,
әділет аға лейтенанты

ПІКІР