Т.Рысқұлов ауданында спорт кешендерінің саны артуда

0 3

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев спорт саласын дамытуға басты назар аударғаны белгілі. Осы мақсатта Т.Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешеннің құрылысы басталды.

Жалпы ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен биылғы жылы ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзге жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараларға 3 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Бүгінгі күні ауданда 169 спорт нысаны бар. Оның 97-сі спорт алаңшасы, 44-і спорт зал, 21-і футбол алаңы, 1 спорт кешені, 1 стадион және 5 басқа да спорттық нысандары. Бұл спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді және ақысыз.

Сондай-ақ, ауданда 2 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 13 спорт түрі бойынша барлығы 1442 оқушы спортпен шұғылданады. Жас спортшыларға 46 жаттықтырушы тәлім беруде.

Айта кету керек, бұқаралық спортты дамыту және ауылды жерлерде спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 7 ангарлық спорт зал соғу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.