Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны өзін-өзі жөндейтін трактор ойлап тапты

0 109

Т.Рысқұлов ауданының Құмарық ауылында тұратын жас өнертапқыш Жанболат Әмір шаруашылыққа, құрылысқа қажетті әмбебап техникаларды ойлап тауып, құрастырумен айналысады. Бүгінге дейін 3 шағын трактор жасап шығарған ол қазір жер жыртып, шөп шауып, құрылысқа қажетті бетонды араластырып, құм сала алатын трактор жасап жатыр. Айта кетері, аталған «ақылды» көлік өзінің кем-кетігін өзі жөндеп, дәнекерлей алады.
Жас өнертапқыш жайлы облыстық «ARAI» жастар газетінің алдағы санынан толық оқи аласыздар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.