Қоғам

Табиғатты аялау мектеп ауласынан басталады

Written by Aray2005

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының педагог ұжымы мен оқушылары ата-аналарымен бірге экосағат ұйымдастырды. Жасөспірімдерге қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялауға тәрбиелеуді мақсат еткен іс-шара аясында мектеп ауласына 43 тал мен 50 гүл отырғызылды. Аула іші тазартылып, ағаштар мен гүлдер суғарылды.
– Экосағат барысында тал, гүл отырғызу, суару, тазарту жұмыстарын атқара жүріп, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар емен-жарқын әңгімелесіп, ашық диалог орнады. Яғни бұл сағат тек табиғатты қорғауды ғана дәріптеумен шектелмей, мұғалім, оқушы, ата-аналар арасындағы ауызбірлікті нығайтуға да септігін тигізді дей аламын, – дейді мектеп директоры Мұрат Тұрысбек.
Экосағат өткізу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Қамар Қарасаева

Тараз қаласы

ПІКІР