Тағайындау

0 10

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов тағайындалды.

Бірінші орынбасарды «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.
– Дауыл Ынтықбайұлын жақсы білесіздер. Еңбек жолын Жамбыл ауданының аппаратынан бастап, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметін атқарған. Партиялармен, мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар, – деп атап өтті аймақ басшысы.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Дауыл Бейсенқұлов әр жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратында, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы және басшысы қызметтерін атқарған. 2011 жылдың қазан айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылдың 4 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев партия облыстық филиалының ұжымымен кездесуде партия қатарын кәсіпкерлік, ауылшаруашылық саласының қызметкерлерімен толықтыру мәселесін көтерді.
Партия филиалының бұрынғы бірінші орынбасары Балабек Нарбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кеткен болатын.

«Nur Otan» партиясы облыстық
филиалының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.