Тағы 6 797 адамнан коронавирус анықталды

0 4

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 797 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 26 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы: Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 797 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 542 703-ке жетті», – делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 1537,
  • Алматы қаласында – 1207,
  • Шымкент қаласында – 382,
  • Ақмола облысында – 195,
  • Ақтөбе облысында – 175,
  • Алматы облысында – 260,
  • Атырау облысында – 480,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 333,
  • Жамбыл облысында – 141,
  • Батыс Қазақстан облысында – 136,
  • Қарағанды облысында – 796,
  • Қостанай облысында – 209,
  • Қызылорда облысында – 163,
  • Маңғыстау облысында – 254,
  • Павлодар облысында – 207,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 142,
  • Түркістан облысында – 180.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 625 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 423,
  • Алматы қаласында – 631,
  • Шымкент қаласында – 141,
  • Ақмола облысында – 140,
  • Ақтөбе облысында – 0,
  • Алматы облысында – 68,
  • Атырау облысында – 60,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 45,
  • Жамбыл облысында – 148,
  • Батыс Қазақстан облысында – 70,
  • Қарағанды облысында – 249,
  • Қостанай облысында – 190,
  • Қызылорда облысында – 17,
  • Маңғыстау облысында – 177,
  • Павлодар облысында – 182,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 0,
  • Түркістан облысында – 84.

Елімізде барлығы 452 002 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Оған қоса, ВАК вакцина бойынша мәлімет берді: 2021 жылғы 26 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 188 266 адам, 2-компонентін 3 356 960 адам салдырды.

Tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.