Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа кірді

0 2

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақ жаңарды, Солтүстік Қазақстан облысы қауіпті «қызыл» аймаққа кірді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 13 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес, қазір «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

sputnik.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.