«Тағзым» күнін балалар үйінде атап өтті

0 28

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасының «Тағзым» күнін сәйкес «Наурыз нұры» мейірім кешін Сарымолдаев  атындағы балалар үйінде атап өтті.
Карантин талаптарын сақтап, балалардың қауіпсіздігін ойлап, ішке кірместен, мекеме қызметкері аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға балаларға әкелген базарлықты ұсынды.
Шараны ұйымдастыру арқылы қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін, жастарға қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылдырып, балалардың қуанышын, ризашылығын көру шынында керемет сезімге бөлейтінін байқадық.
Аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға: «Балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны, оларға сыйланған қуаныштың бақытқа апаратынын, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ екенін» – айтып өтті.
Сонымен бірге, арнайы кітапхананың бөлім меңгерушісі Г.Сейітбаева отбасы атынан балаларға тәтті салынған себетті сыйға тартып, қайырымдылыққа үн қосты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.