"Көңілашар"

Талабы таудай Жанэль

Written by Aray2005

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің 10 жылдығына орай Тараз қаласында өткен «Мәңгілік Ел – Қазақстаным!» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде көркемсөз оқу жанры бойынша Талас ауданы, Ақкөл ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы Жанэль Ділдабай 1-орынды иеленді. Қатарынан дара шыққан дарынды оқушының ұстазы– бастауыш сынып мұғалімі Ардакүл Тарпанова.
Жанэль Ділдабай енді 2019 жылдың 18 мамырында Астана қала­сын­да «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «Мәңгілік Ел– Қазақстаным» атты республикалық жасөспірімдер фестивалінде бақ сынайтын болады.

Тұңғыш Жанұзақов

ПІКІР