Жамбыл жаңалықтары

Талас ауданында 11 млрд. 991 млн. теңгенің өнімі өндірілген

Written by Aray2005

Ағымдағы жылдың 4 айында Талас ауданында барлық сала бойынша негізгі көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп, оң динамика қалыптасқан. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

Аудан басшысының айтуынша, аталған мерзімде жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 11 млрд. 991 млн. теңгені құрап, 118,4 пайызға немесе 1 млрд. 861 млн. 300 мың теңгеге артық орындалған.

– Өнеркәсіп өнімдері 8 млрд. 412 млн. 600 мың теңгеге өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1 млрд. 395 млн. 100 мың теңгеге артық немесе 119,9пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 103,9 пайыз құрады.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 1 млрд. 869 млн 700 мың теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 605 млн. 800 мың теңгеге кем орындалды, немесе 75,5 пайызды құрайды, – деді Д. Алиев.

Сондай-ақ, индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша 18 млрд. 211 млн. 700 мың теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылған. Атап айтқанда, жылына 15 000 тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС-і, жылына 300 мың тонна цемент өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і және жылына 110 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС-нің зауыты іске қосылған.

ПІКІР