Жамбыл жаңалықтары

Талас ауданында 7 елді мекенге «көгілдір отын» жеткізіледі

Written by Aray2005

Талас ауданындағы 24 елді мекенің Қаратау қаласы мен 14 ауылдық елді мекеніне газ құбыры тартылған. Бұл жалпы елді мекен санының 62,5 пайыз құрайды. Ал газ құбыры тартылған 14 елді мекеннің 9ындағы 1 563 үйдің 1 554-і газға қосылған. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

– Талас ауданының Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне таратылатын газ құбырын салуға 2018 жылы 2 млрд. 344 млн. 588 мың теңге бөлінді. 2019 жылы аяқтау жұмыстарына 220 млн. 840 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстары жүргізілуде.

Аталған елді мекендерінде ішкі газ тарату желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекеніне газ құбырын жеткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны 3 млрд. 221 млн. 700 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық энергетика басқармасы арқылы Энергетика Министрлігіне бюджеттік өтінім берілген, – дейді Д. Алиев.

ПІКІР