"Дін"

Талас ауданында мешіт ашылды

Written by Aray2005

Талас ауданының Көктал ауылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында 80 адамға арналған жаңа мешіт пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев өзінің Facebook-тегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Жалпы, бұл аудан көле­мін­де ашылып отырған 19-шы имандылық ордасы.

Мешіттің салынуына және қайта жаңғыруына өз үлесін қосып жүрген «Ассанабил» қайырымдылық қорына және мешіттің бой көтеруіне өзіндік үлесін қосқан Алпамыс Бақытұлына алғыс білдіреміз.

Мешіт ауыл тұрғындарының игілігіне жарап, мұнда оқыған намаздары мен дұғалары қабыл болсын! » – деді аудан басшысы өз жазбасында.

ПІКІР