Жамбыл жаңалықтары

Талас ауданында жол жөндеу жұмыстары жүруде

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талас ауданының әкімі Д. Алиевтің қатысуымен брифинг өтуде. Жиын барысында аудан әкімі автомобиль жолдарын орта және ағымдағы жөңдеу жұмыстары жайында баяндап өтті.

– Талас ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар.

Аудандық маңызы бар «Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 501 млн. 673 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қасқабұлақ ауылына кіре беріс» 12 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 151 млн. 250 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.

Ал, ауылдық округтер бойынша 744 млн. 438 мың теңгеге 25 жол және Қаратау қаласы бойынша 404 млн. 538 мың теңгеге 12 жол, барлығы 1 млрд. 148 млн. 976 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, – деді Д. Алиев баяндамасында.

ПІКІР