Талас ауданының үш ауылы газдандырылады

0 4

Облыста ауыл-аймақты газдандыру ісі қарқын алуда. Кешенді жұмыстардың арқасында облыстағы елді-мекендер көгілдір отынның игілігін көреді деп жоспарланып отыр.

Алдағы жылы Талас ауданындағы Ақкөл, Ақтөбе және Қызылəуіт ауылдары газдандырылмақ. Бұл жұмыстарды «Таразстрой – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Серіктестік директоры Қуат Баққараевтың айтуынша, газдандыру жұмысына 2 миллиард 783 миллион теңге бөлінген. Бүгінде 88 шақырымды құрайтын газ желісінің 22-сіне құбыр тартылған. Жоба 2022-2023 жылдарға өтпелі.
Сонымен қатар, биыл ұзындығы 28 шақырымды құрайтын 2 елді мекен аралығындағы «Ақкөл-Қойгелді» автомобиль жолы жөнделіп, қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Облыс əкімдігі жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жəнібековтің айтуынша, жол құрылысы сəуір айында басталған. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы аталған жолды жөндеуге бюджеттен 732 миллион теңге бөлінген.
Қос нысанда 76 адам жұмыс істеуде.

«ARAI»-ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.