Жамбыл жаңалықтары

Таласта 12 171 гектар алқапқа егін егіледі

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талас ауданының әкімі Д. Алиевтің қатысуымен брифинг өтуде. Жиын барысында аудан әкімі егіс алқаптарындағы жүріп жатқан жұмыстардың жайына тоқталды.

– Талас ауданында 2019 жылдың өнімі үшін 12 171 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру және 1 600 га пар дайындау жоспарланған. Осылайша, барлық егістік жердің 60 пайыз  игерілмек.

Оның ішінде, күздік бидай 4000 гектар және бұрынғы жылдардағы    көпжылдық шөп 4221 гектарды  құрайды. Көктем айларында 3950 гектар алқапқа жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның ішінде: 1310 гектар жаздық арпа, 380 гектар дәндік   жүгері,   600 гектар мақсары, 100 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 320 гектар бақша, 230 гектар көкөніс және 750 гектар көпжылдық шөп жаңадан орналастыру межеленген.

Сәуір айының соңындағы мәліметі бойынша көктемнің өткен кезеңінде 3286 гектарға  (83,2 пайыз) ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Жаздық арпа, мақсары, картоп, қант қызылшасы, көпжылдық шөп егістері, бақша, көкөніс, дәндік жүгері және күнбағыс егісі толығымен орындалды, – деді Д. Алиев баяндамасында.

Айта кететін жай, 2019 жылдың өнімі үшін жоспарланған 3200 га күздік бидайдың орнына 4000 га жерге күздік бидай артығымен егілген. Талас ауданында тиімді технологияны игеріп жатқан шаруашылықтар да бар. Мәселен, Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығында 230 гектар алқапқа (130 га қант қызылшасы, 50 га картоп, 30 га пияз, 20 га сәбіз) тамшылатып суару технологиясын енгізіп отыр.

ПІКІР