Жамбыл жаңалықтары

Таласта 12 тонна қоқыс жиналып, 400 түп тал егілді

Written by Aray2005

Биыл Талас ауданының елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге бөлінген. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Алиев Өңірлік коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифинг барысында мәлімдеді.

– 2019 жылдың 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында көктемгі кезеңдегі Қаратау қаласы мен ауылдық округтерінде көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалықты жақсарту үшін атқарылатын іс-шара жоспары және аудан әкімінің қаулысы бекітілді. Нәтижесінде, бұл жұмыстарға 550-ге жуық адам қатысып, қала көшелеріне санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілік кезінде арнайы 6 техника көмегімен 12 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылып, арық-атыздарының іштері тазартылды. 600-ге жуық талдар әктелді. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағына «Таза-Талас» мекемесі тарапынан 400 тал-дарақтар отырғызылды, – деді аудан әкімі.

ПІКІР