Жамбыл жаңалықтары

Таласта кәсіпкерлікті қолдау бойынша 125 жоба жүзеге асырылған

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талас ауданының әкімі Д. Алиевтің қатысуымен брифинг өтуде. Жиын барысында аудан әкімі Таластьағы кәсіпкерліктің ахуалы туралы баяндады.

– Ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында Талас ауданында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2281  субъектісі тіркелген. Олардың 147 шағын кәсіпорын, 1339 жеке кәсіпкер және 795 шаруа қожалықтар. Осы тіркелген субъектілердің 1940 немесе 85 пайызы жұмыс істейді.

Ауданда шағын және орта бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 125 жоба жүзеге асырылды. Жобалар құны 865 млн. 600 мың теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2018 жылы  204 млн. 200 мың теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылды. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында 94,0 млн. тенгенің 4 жобасы іске асырылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 84 млн. 300 мың теңгені құрайтын 10 жоба оң шешімін тапты.

«Береке 3» несиелеу бағдарламасымен 2 кәсіпкер жалпы сомасы 12 млн. 200 мың теңгеге несие алды.

 Бұдан бөлек «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау» қорына Қаратау қаласы бойынша 175 млн. тенгеге 50 жобаның тізімі жолданып, 64 млн. 400 мың тенгенің 18 жобасы мақұлданды.

 «Бастау Бизнес» бағдарламасы және басқа да несиелер бойынша 2018 жылы 157 адам оқып, сертификаттарын алды, нәтижесінде 418 млн. 475 мың теңгеге 77 жоба жүзеге асырылды, – деді баяндамасында Досмаханбет Қасымұлы өз баяндамасында.

Бұдан бөлек, Д. Алиев аудандағы сауда айналымының көлеміне тоқталып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, қаңтар-сәуір айларына бөлшек сауда тауар айналымы 620 млн. 200 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 118,3пайызға немесе 95 млн. 900 мың теңгеге ұлғайған.

ПІКІР