Таластағы тың шара

0 0

Талас ауданы мемлекеттік архивінің ұжымы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында мекеме мамандарының ұйымдастыруымен «Атқа міну мәдениеті» дәстүрін өткізді.

Аталған іс-шара мекеме тарапынан басталған Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында бастау игі іс шаралардың бастауы болып отыр.

Елбасы сөзімен сараптасақ Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы дала Қазақ елінен тарағаны тарихтан белгілі.Оған дәлел энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелденіп отыр дейді – мекеме басшысы Алмас Мұхтаров.

Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.

Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.

Аталған іс-шараға мекеме қызметкерлерінің барлығы қатысып, өздерінің бала күнгі атқа міну мәдениетін көрсетіп, ұлттық нақыштағы қазақи дәстүрде киініп, Елбасы мақаласына өз үндеулерін қосты.

Нұрсұлу Сапарова,

Талас ауданы мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.