Жамбыл жаңалықтары

Таластықтардың жартысынан көбі қалада қоныстанған

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талас ауданының әкімі Д. Алиевтің қатысуымен брифинг өтуде. Жиын барысында аудан әкімі аудан тұрғындарын жұмыспен қамту шараларына тоқталды.

Жалпы, аудандағы халықтың саны 55 084 адамды құрап, 225 адамға өскен. Оның 30 271-і қалада, 24 813-і ауылда қоныстанған. Ал орташа айлық жалақысы 99 524 теңгені құрап, өткен жылдағы көрсеткіштен 31,4 пайызға өскен.

– Үстіміздегі жылдың 4 айында аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке  жоспарланған 176 млн. 513 мың теңге толығымен игерілді.

Жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 1248 адамның 602-сі жұмыспен қамтылды.198 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау курсымен қамтамасыз ету жоспарланып, оған облыстық бюджет есебінен 37 млн. 715 мың теңге жоспарланған. Оқу курстарының 1-ші тобы 118 адам мамыр айында басталды, – деді Досмаханбет Қасымұлы.

ПІКІР