Жамбыл жаңалықтары

«Тараз-Арена» спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылуда

Written by Aray2005

Тараз-Арена» спорт кешеніне белгілі спортшы, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды.
Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.
Қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР