Тараз қалалық №2 емханасына жаңа компьютерлік томограф аппараты алынды

0 9

Тараз қалалық №2 емханасында контрасты жүргізу мүмкіндігі бар «u СТ 528 компьютерлік томограф» 80 кесінді жаңа аппараты орнатылды. 2021 жылы 15 қаңтардан бастап пайдалануға берілді.
Uct528-80 кесімді жаңа компьютерлік томографы – нарықтағы ең заманауи және көп кесімді, дәл диагноз қою үшін диагностикалау мүмкіндігі бар және радиацияның төмен дозасымен жоғары сапалы суреттерді тез алуға мүмкіндік береді. Науқастың максималды салмағы 205 кг дейін болғандықтан, кең туннель клаустрофобияны тудырмайды және үлкен науқастарды қабылдауға арналған.
Зерттеудің жоғары жылдамдығы, жылдам диагностика, орташа есеппен не бәрі 2 минут уақытты алады, жоғары өнімділігі мен зерттеу жылдамдығын, әсіресе төтенше жағдайларда, суреттерді сапалы түрде визуализациялау және деректерді мұрағаттау мүмкіндігін береді.
Құрылғы 1-қабатта, жеке кіреберісі бар ыңғайлы жерде орнатылған, пандемия жағдайында Covid-19 алдын-алудың барлық мәселелері қарастырылған. Жабдықтың білікті мамандары мен жаңа заманауи бағдарламалық жасақтамасы пациенттердің үлкен ағымымен жылдам, әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мұнда №2 қалалық емханаға тіркелген тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Тараз қаласы мен Жамбыл облысының түкпір-түкпірінен келген науқастар да тексеріле алады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.