Жамбыл жаңалықтары

Тараз қаласында жақында «Шахристан» этно-мәдени кешені пайдалануға беріледі

Written by Aray2005

Жамбыл облысында туризм саласына инвестиция тарту бойынша аймақтық карта бекітілді. Оған 33 туристік нысан енгізіліп, 12 туристік бағыт айқындалды. Сондай-ақ жаңа туристік, сәулеттік нысандар құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Өңірде 2 жылда 8 саябақ, гүлзарлар мен аллеялардың құрылысы жүргізілді. Жақын күндері аумағы 200 гектар болатын «Шахристан» этно-мәдени кешені пайдалануға берілгелі отыр. Онда «Руханият», «Көрме орталықтары», «Көркем сурет галереясы», «Қолөнер шеберханасы», «Өлкетану мұражайы», «Тарих тану орталығы» сыңды нысандар бой көтермек.

Инвесторлар есебінен «Қаралма» тау шаңғы базасы және «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің құрылысы аяқталуда.

ПІКІР