«Тараз металлургиялық зауыты» отқа оранды

0 3

Бүгін түнгі сағат 00:00-де «Тараз металлургиялық зауытының» 4 қабатты жұмыс істемейтін ғимараты отқа оранды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау өндіріс ошағының 1 мың шаршы метр аумағын шарпыған.

Департамент хабарлағанай, от тұрмыстық қоқыс пен ішкі ағаш қаптамасынан тұтанған. Өрт сағат 01:22-де ауыздықталып, 03:22-де толық сөнірілген.

«Өрт сөндірушілер ғимараттың 500 шаршы метрін тілсіз жау құрсауынан сақтап қалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында облыстық ТЖД 56 қызметкері мен 12 бірлік техникасы жұмыс атқарды» – делінген департамент хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.